Бүгін еліміздің көп жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Кей жерлерінде қар, кей жерлерде жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Фото: 15 Қараша 2017, , 09:02
Сәрсенбі күні, 15 қарашада атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, кей жерлерінде жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысынің бірқатар жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Алматыда күн бұлтты, +7. Астанада күн бұлтты, -1, қар жаууы ықтимал. Фото: express-k.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ