Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады

Қайрат пен Жұлдыздың орындауындағы жаңа ән “Махаббатым менің” деп аталады.

Фото: 21 Қараша 2017, , 11:13
Жуырда ғана сүйікті жарын халыққа таныстырған Қайрат Нұртас қазір онымен бірге ел аралап, концерт беріп жүр. Алдағы бір ай бойы Жұлдыз Әбдукәрімова Қайраттың концерттерін жүргізеді. Алайда хитмен әншінің тосынсыйы мұнымен бітпек емес, - деп жазады Stan.kz. Актрисалық қабілетін көрсетіп, қазақ жұртын мойындатқан Жұлдыз Әбдукәрімова болашақта танымал әншілер санатына қосылса, таңғалмаңыз! Себебі ол қазірдің өзінде-ақ күйеуімен дуэт айтып, әр шырқауды бастап кеткен. Мұны Instagram желісінде пайда болған видеодан байқадық. Қайрат пен Жұлдыздың орындауындағы жаңа ән “Махаббатым менің” деп аталады. // Желідегілер Жұлдыз Әбдукәрімованың әншілік қабілетіне тәнті болды. Көпшіліктің пікірінше, Қайраттың жары сахнада қалса шоу-бизнестегі ең танымал сылқымдарды шаң қаптыруы мүмкін. Фото: stan.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ