Астанада бала автобустан құлап түсті

Қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді.

Фото: 23 Қараша 2017, , 16:53
Астанада автобустан бала құлап түсті. Қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Today.kz. Қарт әйел немересімен бірге балабақшадан қайтып келе жатқан. Өзіне керек аялдамада зейнеткер қызды қолынан ұстап шығуға ыңғайланған. Жолаушылар шығып болмаса да, жүргізуші есікті жауып жүріп кеткен. Салдарынан әйелдің қолы есікке қысылып қалған, ал бала көшеге құлап түскен. Жүргізуші айғайды естіген соң барып көлікті тоқтатқан. Astana LRT өкілдерінің айтуынша, жүргізуші оқиғаның мән-жайы анықталғанша жұмыстан шеттетіледі. Фото: today.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ