Павлодарда мұз үстінде серуендеген үш бала мен ер адам құтқарылды

Құтқарушылар сағат кешкі бестің кезінде өзеннің үстінде жүрген екі оқушыны көріп қалған.

Фото: 24 Қараша 2017, , 10:27
Павлодарда Усолка өзенінде жұқа мұздың үстінде еш алаңсыз қыдырып жүрген төрт адам құтқарылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынғана ақпаратқа сүйенсек, құтқарушылар сағат кешкі бестің кезінде өзеннің үстінде жүрген екі оқушыны көріп қалған.
- Балалар дереу құтқару станциясына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция қызметкерлері мен № 42 мектептің директоры шақырылды. Сонымен қатар, сағат кешкі алтыға қарай Усолка өзенінде мұздың үстімен баласын ертіп жүрген ар адамды жағаға жеткізді. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді департаментте.
Құтқарушылар тұрғындарға толық қатпаған мұздың үстінде серуендеу адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертеді. Фото: pavlodarnews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ