Шу облысында 4 адам тергеу изоляторынан қашып кетті

Кісі өлтіріп, қарақшылық жасағаны үшін айыпталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті.

Фото: 27 Қараша 2017, , 14:48
Кісі өлтіріп, қарақшылық жасағаны үшін айыпталған тұлғалар Қырғызстандағы Шу облысы Сокулук ауданы ІІБ уақытша ұстау изоляторынан қашып кетті, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрлігі мәліметінше, төрт ер адам таңғы алты кезінде қашып кеткен.
"Облыс бойынша және Бішкекте "Дабыл" жоспары жарияланған, жедел іздеу шаралары қолданылуда. Шу облысы аудандық ішкі істер бөлімдеріне, Бішкек қаласы ішкі істер департаментіне, басқа да облыстарға бағыттамалар жөнелтілген. Стационарлық бекеттерде милиция қызметі күшейтілген", — делінген хабарламада.
Іздеудегілер: 38 жастағы Рамиль Базаркулов кісі өлтіру бабы бойынша ұсталған, 32 жастағы Багтият Ачылдурдиев Түркіменстан тумасы, қарақшылық жасап, мүлікті қасақана жою және бүлдіру қылмысы үшін айыпталған. Сондай-ақ, қарақшылық бабы бойынша айыпталған, 38 жастағы Талас облысының тумасы Бакыт Дилдешов пен кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған 28 жастағы Кайрат Джанботоев іздестірілуде. Қашқындарды іздеуге Шу облысы ішкі істер бас басқармасының бүкіл жеке құрамы мен ІІМ жедел қызметтері жұмылдырылған. Фото: sputniknews.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ