Облыс әкімінің орынбасары Т.Сәрсембаев Кентауда жұмыс сапарымен болды

Сапары барысында Төлеген Сәрсембаев Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру (ІІІ кезең) жұмыстары мен «Кентау трансформатор» зауытын аралап көрді.

Фото: 3 Қараша 2017, , 10:44
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев Елбасының тапсырған міндеттерінің аудан, қалада жүзеге асырылуын бақылау мақсатында бекітілген облыс әкімінің кестесіне сай Кентау қаласында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Ең алдымен аймақ басшысының орынбасары 15 мың тұрғыны бар Қарнақ ауылына барып, Кентау қаласы мен оның аумағындағы ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз етіп отырған №14 АГТС құрылысымен танысты. Бұдан бөлек, қаланы толықтай жылумен қамтып отырған №5 жылу орталығында болды. Онда облыс әкімінің орынбасары жылу беру қазандықтарын аралап көріп, жұмыс істеу жүйесімен танысты. Сонымен бірге, қала әкіміне жылыту маусымын өз бақылауына алуды тапсырды. Айта кетейік, 23 қазаннан бастап барлық бюджеттік мекемелер (101 мекеме) мен жеке тұрғын үйлер (2073 үй) және көпқабатты тұрғын үйлер (326 үй) орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Сапары барысында Төлеген Сәрсембаев Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру (ІІІ кезең) жұмыстары мен «Кентау трансформатор» зауытын аралап көрді. Фото: ontustik.gov.kz

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ