Енді алматылықтар көлікті көп құжатсыз жүргізе алады

Алматы - полицейлері планшетпен қамтылатын бірінші қала.

Фото: Фото: Baq.kz5 Желтоқсан 2017, , 17:31
Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Алматыға жұмыс сапарымен барды. Сол сапар аясында оған және қала әкімі Бауыржан Байбекке ішкі істер органының қызметкерлері Е-айыппұл жобасының қалай істейтінін көрсетті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Вaq.kz.
«Жоба таныстырылғаннан кейін қала әкімі әрбір полицейге планшет алуға қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Алматы - полицейлері планшетпен қамтылатын бірінші қала. Жеке куәліктен бөлек бірнеше құжат тасып жүрмейтін жобаны да осы қала бастайын деп тұр», - деп жазды Мусин.
Оның айтуынша, Асқар Жұмағалиев Алматы территориясында техникалық паспортты, сақтандыруды, техникалық тексеруден өткендігі туралы құжатты алып жүрмеуге рұқсат берді.
«Бірақ көлік жүргізу куәлігіне келгенде халықаралық талаптар алдымыздан шығады. Оларды алып жүрмеу туралы рұқсат берудің жолдарын ойлаймыз», - деп түйіндеді ол.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ