Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалары бар 250 анаға кеш ұйымдастырылды

Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, қайсар аналарға құрмет көрсетілді.

Фото: Фото: Аktobenews.kz6 Желтоқсан 2017, , 13:15
Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған «Ана жүрегі» атты кешке 250 ана қонақ болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz. Шараны «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Кеш барысында сәбидің сырқатымен күресіп жүрген аналар өздерінің қиын тағдырларымен бөлісіп, бір-бірімен ой алысты. Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, қайсар аналарға құрмет көрсетілді. Қазіргі таңда «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінде 320 бала тіркеуде тұр. Арнайы логопед, дефектолог, психолог, массаж, ЛФК мамандары сырқат балалармен жұмыс жасайды.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ