Алматыда автобус жолда отырған кісіні қағып кетті

Зардап шегуші алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

Фото: Фото: Sputniknews.kz13 Желтоқсан 2017, , 10:19

Алматыда Гагарин көшесінде жол үстінде отырған кісіні автобус қағып өлтірді, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Гагарин көшесі бойымен келе жатқан 81-ші бағдарлы автобустың жүргізушісі Қарасай батыр және Қабанбай батыр көшелерінің арасында жолда отырған адамды байқамай қалып, тежегішті басуға үлгермей, қағып кеткен.

Зардап шегуші алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қаза тапқан адамның қалтасынан жеке куәлігін таппаған.

Оқиға орнында криминалдық және жол полициясы қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ