Танымал журналист Төреғали туралы: Аузына темірді қыздырып басу керек

Несіп Жүнісбай көрерменді “итке” теңеген Төреғалиді “шектен шыққан” деп айыптады.

Фото: Stan.kz26 Желтоқсан 2017, , 16:49

Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев Төреғали Төреәліге қатысты жанжалға қатысты пікір білдірді. Ол бұған дейін Төреғалиді қазақ өнерінің жарқын жұлдызы санап келгенін, алайда қарияға дөрекілік танытқан соң көңілі қалғанын жеткізді. Журналистің айтуынша, әкесімен жасты қарияға анайы сөз айтқан әншінің аузына қыздырылған темір басу керек, деп жазады Stan.kz.

“Еріккен сарт енегін уқалайды!” дегенді айтқан ауызға темір қыздырып басу керек! Төреғали жайлы пікір әртүрлі еді қоғамда. Мен ол баланы қазақ өнерінің жарқын тұлғаларының бірі болады деп көп адаммен дауластым да. Біреулер оның журналиске көрсеткен өркөкірек мінезін айтып, түңілді де. Ақыры мынадай болды”, – деп бастады әңгіменің әлқиссасын Несіп Жүнісбай.

Журналистің айтуынша, Төреғалидің шын ниетпен кешірім сұрағанына сену қиын. Себебі:

“Мен Төреғалидың көптен кешірім сұрап, жариялаған видеосын көрдім. Қатты ұялып, бетінен басып отырған азамат жоқ онда. Қарызға уәде беріп отырғандай көрінді ол маған. Сол кешірім видеосында халыққа тағы екі ауыр сөз айтты. “Шал дейтін шал бар ма бізде, шауқан ғой…” деді. Қазақтың ақсақалы мен қарасақалының бағасын Төреғалидан сұрап тұрған ешкім жоқ бүгінде!” – дейді журналист.

Несіп Жүнісбай көрерменді “итке” теңеген Төреғалиді “шектен шыққан” деп айыптады.

“Сосын: “… Үрген иттің бәріне жауап бере беремін бе…” деген ой айтты. Ол “иті” залдағы сөйлеген, айқайлаған көрермен болар. Сонда кешірім сұрау қайда қалды, мына ғайбат сөздерді қайда сыйғызамыз?! Менің жанымның мұрнымның ұшына келуі – біздің бүгінгі ән өнеріндегі “жұлдыздарымыздың” шектен шығып бара жатқанын күн сайын көріп, бетімізді басуымыздан да”, – деп ашынды автор.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ