Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын болады.

Фото: i.onthe.io8 Қаңтар 2018, , 09:23

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, тек республиканың шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с-ге күшейеді, кей жерлерінде түнде тұман түседі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады, бұрқасын болады.

Қостанай облысында таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.

Атырау облысының кей жерлерінде, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ