Астанада кейінге шегерілген Air Arabia рейсінің жолаушылары Шарджаға ұшып кетті

Air Arabia-ның G9-252 рейсі Шарджаға бүгін таңғы 05:11-де ұшып кетті.

Фото: ҚазАқпарат8 Қаңтар 2018, , 09:47

Air Arabia әуе компаниясының 2018 жылғы 6 қаңтар күні 04:55-те ұшуы тиіс болған Астана-Шарджа бағдары бойынша G9-252 рейсінің жолаушылары 8 қаңтар күні Астана және Алматыдан басқа ұшақтармен ұшырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әуежайындағылардың айтуынша, Air Arabia-ның G9-252 рейсі Шарджаға бүгін таңғы 05:11-де ұшып кетті.

Алматы әуежайының кестесіне сәйкес, Air Arabia-ның G9-254 рейсі 05:19-да әуеге көтерілді.

Бұрын хабарланғанындай, Астана-Шарджа (Біріккен Араб Әмірліктері) бағдары бойынша Air Arabia авиакомпаниясының G9-252 рейсімен кесте бойынша 2018 жылдың 6 қаңтарында сағат 04:55-те ұшып шығуы керек болған. Алайда техникалық себептерге байланысты (әуе кемесінің жүк салатын бөлігіндегі тұтқа қатып қалған) ұшу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау үшін ұшу сапары 6 қаңтар күні сағат 20:10-ға шегерілген. Осы себепті, 50-ге жуық жолаушы кешке дейін қонақ үйге орналастырылып, оларға қажетті ас-су берілген.

Сағат 18:00-ден бастап жолаушылар қонақ үйден әуежайға жеткізілген. Жолаушыларды отырғызған уақытта әуе кемесінің бортына тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде қозғалтқыштардың бірінде техникалық ақаудың бары анықталған. Оны ретке келтіру үшін Эйр Арабия әуе компаниясының G9-251 рейсімен 8 қаңтар күні сағат 03:55-те ғана инженер келіп, қосымша бөліктердің жеткізілетіні белгілі болды.

Air Arabia әуе компаниясының мәлімдеуінше, жолаушылардың бір бөлігі Шарджаға компанияның басқа рейсімен Алматыдан 8 қаңтар күні 05:00-де (жолаушыларды Алматыға Air Arabia-ның қаржысына қазақстандық әуе компаниялары тасымалдады), ал қалған Air Arabiaның рейсімен 8 қаңтар күні 04:55-те Астанадан ұшырылуы тиіс еді.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ