Екібастұздағы мектептің шатырын жел көтеріп кетті

Мектепке күрделі жөндеу 2011 жылы жүргізіліпті.

Фото: ҚазАқпарат11 Қаңтар 2018, , 16:48

Екібастұздағы №7 мектептің шатырының бір шетін жел көтеріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

50 шаршы метр шатыр аумағын жел көтеріп кетті, бірақ ұшырып әкеткен жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл бірінші рет болып тұрған оқиға емес, 2015 жылы шатырдың бір бөлігін дауыл ұшырып алып кеткен болатын, - деді Екібастұз әкімдігінен.

Инстаграмдағы видеода үш қабатты ғимараттың шатырын екпінді желдің бірнеше мәрте көтергені анық көрініп тұр. Мектептің маңайында балалар жүр.

Сонымен бірге білім ордасы ғимаратының ескі екендігі анықталды. Күрделі жөндеу 2011 жылы жүргізіліпті.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ