СҚО-да мотоцикл жүргізушісі теміржол өткелінде қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Фото: www.inform.kz12 Қаңтар 2018, , 14:22

Аққайың ауданында «Смирново-Токуши» тасжолының 6 шақырымындағы теміржол өткелінде мотоцикл жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат 8 қаңтар күні кешкісін болған.

«Мотоцикл жүргізушісі рульді басқара алмай, өткелдің қоршауына соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші, 33 жастағы Токуши ауылының тұрғыны алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - деп түсіндірді полиция ведомствосының баспасөз қызметінде.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

СЕЙЧАС ЧИТАЮТ
ПОПУЛЯРНОЕ В СЕТИ