Тараз халқын аспаннан улайды – тағы бір фейк тарады

pixabay
Қазнетте "ауада улайтын зат таралуда" деп жалған ақпарат тарады.

Қазнетте Таразда ауаға химиялық заттар шашып жатыр деген сарындағы хабарлама таралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрда аспанда ұшып бара жатқан ұшақтың ағараңдаған ізі көрсетілген. Алайда, автор бұл халықты "улайтын" бәзбір химиялық затты аспаннан шашатынының дәлелі деп мәлімдейді.

Бұл ақпаратты Жамбыл облысының әкімдігі жоққа шығарды.

Жамбыл облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, Тараздың үстінен дезинфекциялау немесе өзге өңдеу жүргізілмеді. Дезинфекциялық іс-шаралар арнайы мекемелермен рұқсат етілген препараттармен жер үсті автокөлігінің көмегімен жүргізіледі, - деп әкімдіктен хабарлады.

"Видеода ұшақтың конденсациялық ізі көрсетілген, бұл қалаға қауіпті заттар шашудың дәлелі емес", - делінген Stopfake.kz хабарламасында.

Бақытжан Отарбаева

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды