Таразда Тұңғыш Президент күніне орай жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті

Тараз әкімдігі
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Тараз қаласы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған арнайы шараны «Хабар24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп, сәйкесінше дәл осы сәтте еліміздің барлық өңірінде бір мезетте спорттық мереке мен ресми жарыстар басталды.

Қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріске өңірдегі 14 жастан жоғары жүгірушілер, сондай-ақ, спортты серік еткен мүгедектігі бар жандар да қатысты.

Бұл күні ерте таңнан этно-тарихи кешенде бес жүзден астам жүгірушілер жиналып, арнайы нұсқаушымен бірге дене қыздыру жаттығуларын жасап, дайындық шараларына кірісті.

1 желтоқсанда өткен «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде қысқы спорт маусымының ашылуын жарысқа қатысушылармен қатар, қала тұрғындары жанкүйер ретінде тамашалады.

Қатысушылар бір мезетте жарыс жолына шығып, өзара сынға түсті.

Мәре сызығын үздік ондықтың ішінде кескендерге және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар сапында бес қатысушыға ерлер және әйелдер санаты бойынша жүлделер тағайындалды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Жалпы, дені сау ұлт қалыптастыру – мемлекеттік әлеуметтік саясат­тың басты бағыттарының бірі. Ал денсаулық кепілі спорт екенін жақсы білеміз. Сол үшін де мемлекет тарапынан спорт саласына әу бас­тан қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағ­дай­дағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балалар­ға басымдық беру керек. Әрбір облыста, ірі аудан орта­лық­та­рын­да спорт үйірмелерін ашу қажет» деген еді.

Бүгінде әр ауылда болмаса да, аудан орталықтарында спорт үйірмелерінің түр-түрі бар. Оның ішінде қысқы спортпен шұғылдаушыларға да барлық жағдай жасалған.

Осыған орай, Тараз қаласында да бұқарлық спорт жандандырылуда. Қысқы спорт маусымының ашылуы, оған жергілікті тұрғындардың белсенділік танытуы осының айқын дәлелі дер едік.

Тараз әкімдігі

Тараз әкімдігі

Тараз әкімдігі

Тараз әкімдігі

Тараз әкімдігі

Нұр-Сұлтан
Тараз
Назарбаев Нұрсұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты