Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Астана LRT" жобасының құрылысы қандай кезеңде жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда басшысы осы күндері құрылыс жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Жобаны аяғына жеткізу үшін инвестиция қажет екен.
Жобаның жалпы құны 1,8 млрд доллар, оның 347 млрд-ы игерілді. Бастапқыда несиені Қытайдың даму банкі 4,9 % берген. Содан кейін ақшаны үнемдеу туралы шешім қабылданып, еліміздің екінші деңгейлі банктерінен 3,25 % облигациялық қарыз алдық. Одан 800 миллион доллар үнемделді. EPC келісімшарты бойынша 200 млн доллар, станциялар мен жылжымалы құрамды қысқарту бойынша 150 млн доллар үнемделді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов
Әкімнің айтуынша, тағы 1 млрд доллар тарту үшін банктер консорциумымен келіссөз жүргізіліп жатыр.
Қазір банктер консорциумымен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олардың өтініші бойынша мәліметтерді біз әлі жария ете алмаймыз. Алдыңғы 4,9% болатын заемнан біз бас тарттық. Келісімге қалай қол жеткіземіз, ол туралы бірден ақпарат таратамыз. Бұл алдыңғы келісімшартқа қарағанда тиімдірек. Біз бұл жобаны аяқтау үшін қаражат тартамыз. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов
15 қазанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әкім жырға айналған астанадағы LRT құрылысы туралы айтып, бұл жобаны аяқтауға уәде берді.