Байзақ ауданында зардап шеккен нысандар қалпына келтірілді

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Байзақ ауданына барып, дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды аралап, құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Облыс әкімі Көктал ауылындағы 600 орындық жаңа мектеп құрылысының барысымен танысты. Мердігер – «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС. Бердібек Сапарбаев жұмыс сапасы мен қарқынына қатысты бірқатар ескертулер айтты. Құрылыс басқармасы мен аудандық әкімдікке жұмыс мерзімдерінің сақталуын және сапасын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Аймақ басшысы жұмыс қарқынын арттырып, мектепті келесі оқу жылы басталмай тұрып тапсыруды талап етті. Олай болмаған жағдайда мердігерге қатаң шара қолданылатын болады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сенкібай ауылында да 100 орындық жаңа мектеп салынуда. Мердігер – «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС нысанды келесі оқу жылының басына дейін тапсырады.

Бұдан соң облыс әкімі Базарбай ауылындағы А.Пушкин атындағы мектепке барды. Мұнда 76 бала оқиды. Екі қабатты мектеп ғимараты 1951 жылы салынған. Мектеп директоры Ақмарал Қаржауованың айтуынша, мектепте күрделі жөндеу 2017 жылы жүргізілген. 17-18 қарашадағы дауыл кезінде мектептің шатыры зардап шеккен, ол тез арада қайта жөнделіпті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

1967 жылы салынған Көкбастау ауылындағы Амангелді атындағы мектеп те толығымен қалпына келтірілген. Қазір білім ордасында 425 оқушы оқуда.

Бердібек Сапарбаев Жібек жолы ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысының барысын да тексерді. Нысан құрылысы осы жылдың қыркүйегінде басталған. Мердігер «Сырым Блеке» ЖШС  жұмыстарды 2022 жылдың қаңтарында аяқтауды жоспарлап отыр.

Облыс басшысы жұмыс сапары барысында Байзақ ауылындағы учаскелік полиция пунктінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Тұрғын үймен біріктірілген полицияның тірек пунктінде тәулік бойы қызмет атқару және азаматтарды қабылдау үшін қажетті жағдайлар жасалған.

Биыл еліміз ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде мемлекеттің қолдауының арқасында елдің құқық қорғау жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Біздің ортақ міндетіміз – құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Биыл Байзақ ауданында 4-ші учаскелік полиция пункті ашылуда. Жыл соңына дейін дәл осындай бесінші пункт пайдалануға беріледі. Енді учаскелік инспекторлар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтың тұрғындарымен бірге бір ауылда тұрады, бұл құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға және жедел ашуға оң әсер ететін болады. Сонымен қатар, барлық учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

Аудан активімен өткен жиында Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданының басшылығына халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында бірқатар маңызды міндеттер жүктеп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Аймақ басшысы экономикалық өсім динамикасын ұстап түру үшін бұдан да көп еңбек ету керектігін баса айтты.

Тараз
Сапарбаев Бердібек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты