Елордалық полицейлер ауа райына байланысты жүргізушілерге үндеу жолдады

Сурет: zakon.kz
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының жол сақшылары жүргізушілерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтанда алдыңғы күні 100-ден аса жол көлік оқиғасы болса, өткен тәулікте 168 жол көлік оқиғасы тіркелген.

Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият әрі сақ болуға шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты, маневр ережелерін және бүйірлік аралықты қатаң сақтаңыздар! Нұр-сұлтан қаласының ПД

Шұғыл бұрылу және бірден тоқтай салу жол көлік оқиғасына әкеліп соқтырады. Сондықтан жол сақшылары көлік жүргізушілерден маршрутты алдын-ала бағамдап алуға кеңес береді.

Бұл тұста жаяу жүргіншілердің жол жүру қауіпсіздігі де назардан тыс қалмады.

Жаяу жүргіншілер арнайы жүру бөлігінен өтер кезде автокөліктің жоқтығына көз жеткізіп барып жүру қажет. Және жолдан өткен кезде гаджеттер мен құлаққаптарды шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу ләзім. Нұр-сұлтан қаласының ПД

Бұл сақтық шаралы жол көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеспек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді