Облыс әкімі алдымен Бесағаш ауылындағы блокты-модульді қазандыққа барды.
Бұл қазандық осы жылдың қараша айында іске қосылған. Бесағаш ауылындағы «Нұрия», «Динара групп», «Алма Тау», «Достар», «Бесағаш 2» тұрғын үй кешендеріне қызмет көрсету үшін салынған. Облыс әкімі заманауи, жаңа әрі үнемді, газға қосылған қазандықтың жұмысын оң бағалады.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Кешенді құрылыс жоспарына әлеуметтік нысандар салуды да енгізу керек. Оған қоса саяжай массивтері аумағында инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген баламалы жер телімін ұсына отырып, тұрғын үйлерді салу мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Құрылыс жүргізу барысында жергілікті жерде өндірілген материалдарды қолдануға, қазақстандық мазмұнға басымдық берілуі керек. Ал жұмыс барысында туындаған мәселелерді кезең-кезеңімен шешеміз. Қанат Бозымбаев
Сапар барысында облыс басшысына бұған дейін Бесағаштағы «Алма Тау», «Нұрия» тұрғын үй кешендерін сумен қамтуда туындаған қиындықтарды шешу жолдары баяндалды.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі