Сәдуақас Байғабылов Алматының бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы болды

Сурет: gov.kz
Алматының бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы қызметіне Сәдуақас Байғабылов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

24 желтоқсанда Жандарбек Бекшиннің Алматының бас санитарлық дәрігері қызметінен кететіні белгілі болған еді. 27 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін оның міндетін Қарлығаш Әбдіжаббарова атқарды.

Ал 5 қаңтардан бастап Сәдуақас Байғабылов Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқара бастады.

Байғабылов 1974 жылы туған.

Қарағанды мемлекеттік медакадемиясын "дәрігер гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша, Орталық Қазақстан академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Байғабылов журналистерге "омикрон" штамының артып келе жатқанын, Алматы "қызыл" аймаққа көшкенін айтты.

Алматы қаласында бес күн ішінде, мүмкін одан бұрын да шектеу шараларын қатаңдату қабылданатын болады. Әрине, бұл Алматыдағы соңғы оқиғалар аясында кәсіпкерлер мен қалалықтарға қосымша жүктеме. Бірақ коронавирус ешқайда кетпеді, вакцина алмағандарға індеттің зардабы орасан. Алматы Бас санитарлық дәрігерінің м. а. Сәдуақас Байғабылов
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады