Сағынтаев бүлік кезінде қаза тапқан көпбалалы ананың отбасымен кездесті

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әйелдің отбасымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz

Қала әкімі артында төрт баласы қалған марқұмның туыстарына көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесін бақылауға алды.

5 қаңтар кешке марқұм әйел жөргектегі сәбиіне дереу дәрі-дәрмек қажет болғандықтан, қаладағы келеңсіз жағдайға қарамастан, көшеге шыққан. Оқ тиген 35 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Марқұмның күйеуі 2014, 2017, 2019 және 2021 жылдары туған балаларымен жалғыз қалды.

Осы уақытқа дейін ерлі-зайыпты 4 баласымен бірге жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті