Алматы әкімі жарақат алғандарға қанша өтемақы төленетінін айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Тәртіпсіздік кезінде ауыр жарақат алған Алматы қаласының полицейлеріне, дәрігерлері мен өрт сөндірушілеріне 2 млн теңге өтемақы төленеді. Бұл туралы қала әкімі Бағытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
«Осы күрделі әрі қиын күндері қоғам зардап шеккендерге өтемақы төленетініне және қолдау көрсетілетініне сенімді болуы керек. Мәселен, зардап шеккен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, дәрігерлер мен өрт сөндірушілерге жалпы сомасы 220,5 миллион теңге өтемақы төленеді.Бақытжан Сағынтаев

Қала әкімінің айтуынша, полицейлерге, дәрігерлерге және өрт сөндірушілерге өтемақы мынадай санаттар бойынша төленеді:

• Ауыр жарақат алғандарға – 2 млн теңге

• Орташа ауырлықтағы жарақат алғандарға – 1 млн теңге

• Жеңіл жарақат алғандарға – 500 мың теңге

Ол сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде осы іске жұмылдырылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.

Бұл мақсаттарға 10 012 адамға, оның ішінде 3 880 полиция департаментінің, 1 207 – ТЖД, 93 – құтқару қызметінің, 4 832 – медицина қызметкерлеріне 1,6 млрд теңге бөлінеді.

Қазақстан
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз