Алматыда 50 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады – Сағынтаев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Б.Сағынтаевтың айтуынша, 2021 жылы Алматыдағы жұмыссыздық көрсеткіші 5,1%-ға дейін төмендеген. Биыл Ұлттық жобалар аясында 13,2 мың жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар бизнесті қолдаудың өңірлік шаралары шеңберінде 3,6 мың бизнес құруға мүмкіндік туып отыр. Осының арқасында 31 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген.

Қалалық бағдарламалар шеңберінде ӘКК құралдары арқылы 2%-бен жеңілдікпен несие беру мүмкіндігімен қосымша 5 шағын өнеркәсіптік парк іске қосылады.

Жастарды кәсіптік техникалық даярлауды және жұмыссыздарды қайта оқытуды күшейтіп, кейіннен жұмысқа орналастырамыз. Жеке сектордан жүйелік операторларды тарту арқылы білікті жұмыс орындары құрылады. Бақытжан Сағынтаев

2 жыл ішінде «Кәсіп алаңы», «Алматы Бизнес» бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 200 мыңға жуық адамды қамтитын Qolday кәсіпкерлік орталығының курстары жүргізілді. Бұл жұмыс істеп тұрған ШОБ санының 4%-ға немесе 2021 жылдың қорытындысы бойынша 7,6 мың бірлікке ұлғаюына әсер етті.

Сондай-ақ қала басшысы болашақта экономиканың түрлі салаларындағы қажеттіліктерді болжау үшін жаңа мамандықтардың өңірлік атласы әзірленетінін тілге тиек етті.

Өткен жылдан бастап біз аудандардың мықты жақтарын бағдарлай отырып, кластерлік тәсілді қолдана бастадық және жетекші университеттерді: Сүлейман Демирель университетін, Алма университетін, ҚБТУ, ХАТУ-ды аудандардың стратегиялық дамуына жұмылдырдық.Бақытжан Сағынтаев

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдан бастап жастар іс-тәжірибесі бойынша жалақы 25-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып отыр. .

Біз өз тарапымыздан жергілікті бюджеттен қосымша 10 АЕК-ке төлемді ұлғайтамыз, осылайша жалақы 122,5 мың теңге болады.Бақытжан Сағынтаев

Жұмыс істейтін мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау мөлшері 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін ұлғайтылады.

Жалпы, барлық шаралардың арқасында кемінде 50 мың жұмыс орны құрылмақшы.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: