Алматының зардап шеккен кәсіпкерлері үш айға коммуналдық төлемдерден босатылады

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Мемлекет басшысының зардап шеккен бизнесті қалпына келтіру және қаланы одан әрі дамыту туралы тапсырмаларын орындау бойынша қала активінде сөйлеген сөзінде ШОБ қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қалада 67 млрд теңгеге 1600-ге жуық бизнес субъектісі зардап шеккен. Оның 95%-ын 43 млрд теңге шығын сомасымен ШОБ субъектілері құрады. 

Әкімнің айтуынша, Үкімет комиссиясы залалды өтеу тетігін бекітті. 

Кәсіпкерлер растайтын құжаттары бар өтінішті infokazakhstan.kz порталы арқылы қарау үшін жіберулері тиіс. 

Тетік бойынша – өтеу жоғалған мүліктің құны не оны қалпына келтіру жұмыстарының құны бойынша жүргізілетін болады. 

Өтінімдерді қарау және өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін менің орынбасарымның төрағалығымен жеке Комиссия құрылады. Жұмыс «Атамекен» ҰКП-мен, кәсіби қауымдастықтармен тығыз өзара іс-қимылда жүргізілетін болады. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев

Әкімдік өз тарапынан ШОБ-ке қаржылық және қаржылық емес қолдау көрсетеді:

Әкім Almaty Business-2025 қалалық бағдарламасына келесі өзгерістер енгізілетінін хабарлады:

Бақытжан Сағынтаев
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады