Антикордың Қызылорда облысы бойынша департамент бастығы жаңадан тағайындалды

Сурет: Facebook/Рустам Акмырзаев
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Қуаныш Жапаров Қызылорда облысы бойынша департаменттің жаңа басшысы Рустам Ақмырзаевты таныстырды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Рустам Ақмырзаевтың жұмысына табыс тілеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларға қатысты белсенді әріптестікте жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Рустам Ақмырзаев 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Салық полициясы органдарындағы жұмыстан бастады.

2001 жылдан 2018 жылға дейін қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

Атап айтқанда, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша департамент басшысы болып жұмыс істеді.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді