Жуырда мемлекет басшысы Алматы қаласының маңызды нысанының бірі – Оқушылар сарайында болды. Президент балалармен әңгімелесіп, онда жасалған жағдаймен және сарайдағы жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Алматыда қосымша білім беруді дамыту жұмыстары жақсы жолға қойылғанын атап өткім келеді.ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Ведомство басшысы Алматы оқушыларына арналған жаңалықтарды атап өтті:
Қолданыстағы Оқушылар сарайын толықтай жаңғыртып қана қоймай, сонымен бірге заманауи екі инновациялық шығармашылық орталығы пайдалануға беріледі.
Келесі жылы ескі ғимараттарды бұзып, 3 оқушылар үйінің құрылысын салу жоспарланып отыр. Қазіргі күні жобалау жұмыстары басталып кетті.
Мектептердің спорт алаңдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Жас туристер мен натуралистер (табиғаттанушы) станциялары жаңартылады.
Мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылуда.
Қазіргі таңда Алматы қаласы әкімдігінде басқа өңірлермен салыстырғанда білім саласын дамытуда барынша біртұтас және дәйекті саясат жүргізіліп жатқанын айтқан Білім министрі әкімдікке қосымша өкілеттіктер берілетінін хабарлады.
Сол себепті қала басшылығының саланы дамыту ұстанымын, мегаполистің қолда бар қаржылық мүмкіндіктері мен кадрлық әлеуетін ескере отырып, министрлік Алматы қаласының әкімдігіне білім беру саласында қосымша өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады. Министрліктің нормативтік актілерде арнайы шарттар мен құзыреттерді қарастырамыз. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Сонымен қатар ол қаланың білім беру ұйымдары министрліктің негізгі инновациялық алаңына айналатыны мәлім болды.
Аймағамбетов әкімдік басшылығы барлық жаңа бастаманы қаржылай және ұйымдастырушылық жағынан қолдауға міндеттеме алатынын да атап өтті.
Ал министрлік барлық жарияланған міндеттеменің орындалуын бақылауда ұстайды.