Мұғалім мен дәрігер мамандықтары бойынша елорда әкімдігі 1300 грант бөледі

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ әкімдіктің жоғары білім алуға бөлетін гранттары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Апта сайын тұрақты түрде азаматтарды қабылдап тұрамыз, аудандарымыз бен елді мекендерімізді аралап, тұрғындармен кездесеміз. Осыған дейін айтқанымдай, қала тұрғындарынан келіп түсетін негізгі сұрақтардың бірі – тұрғын үй мәселесі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік пәтерлерді салу көлемі едәуір артты, тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар санаты кеңейтілді, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасы енгізілді, тұрғын үй сертификатының сомасы ұлғайды және т.б, деп жазды Instagram-да Алтай Көлгінов.

Ол жоғары білім алу да жүйелі мәселелердің бірі болып саналатынын баса атап өтті. Алдағы жаңа оқу жылында педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға жалпы саны 1300 грант бөлу жоспарланып отыр. Ал оқуын тәмамдағаннан кейін жастарды жұмысқа орналастыру мәселесімен әкімдік айналысатын болады.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы ұстаздар мен медицина қызметкерлеріне жағдай жасауға және оларға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөледі: жалақы мөлшері артып келеді, біліктілікті арттыру бағдарламалары енгізіліп жатыр, медициналық және білім беру орталықтарының желісі кеңеюде және т.б, деп сөзін түйіндеді елорда әкімі.
Кульгинов Алтай
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді