Каталин Раду Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің бас директоры болып тағайындалды

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Каталин Раду акционерлік қоғамның бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Каталин Раду – 25 жылдан астам тәжірибесі бар авиация саласының маманы.

Кейінгі жеті жылда ол ұшу қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру мақсатында оның дамуын үйлестіруге жауапты Халықаралық азаматтық авиация ұйымы – ICAO директорының орынбасары болды.

2011 жылдан 2014 жылға дейін Каталин Раду Еуропалық азаматтық авиация конференциясының (ECAC) президенті қызметін атқарды.

Ал 2007-2014 жылдары Румынияның азаматтық авиациясының бас директоры қызметін атқарды.

Ол сонымен қатар Еуропалық азаматтық авиация конференциясының (ECAC) президенті, аэронавигация қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық ұйымның (EUROCONTROL) вице-президенті, ИКАО Ассамблеясының 37-сессиясының вице-президенті және ECAC сыртқы байланыстар және қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі қызметтерін атқарды.

Каталин Раду өзінің авиациялық мансабын 1996 жылы Румыния Азаматтық авиация басқармасында ұшуға жарамдылық инспекторы болып бастады.

Каталин Раду – Бухарест политехникалық университетінің түлегі (аэроғарыштық инженерия факультеті, аэронавтика факультеті), Жоғары аэронавтика және ғарыш институтының (Тулуза, Франция) магистратурасында оқыған, Ph.D. Сонымен қатар Гарвард университетінің стратегиялық менеджмент бойынша атқарушы дипломын алды.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2019 жылы мемлекеттің қатысуымен құрылды. Қазақстан Үкіметінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 530 қаулысымен ААК-ны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындайды. Негізгі функциясы – ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық бақылау және қадағалау. AAК халықаралық аэронавигациялық төлемдермен қаржыландырылады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: