Бердібек Сапарбаев қызметінен кетті

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ақпараттық ресурсында жарияланды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды, – делінген Жарлық мәтінінде.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген.

Білімі:

1977 ж. – Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолы:

1969-1971 жж. – Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы. 1971-1973 жж. – әскери қызметін өткерді.

1977 ж. – Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист.

1977-1988 жж. – ҚазССР қаржы министрлігінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары.

1988-1993 жж. – жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, бас экономика басқармасының бастығы.

1993-1994 жж. – Президент аппараты бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары.

 1994-1995 жж. – Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің істер басқармасының қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі;

 1995 ж. – Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті аппаратының басшысы.

 1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі.

1995-1999 жж. – Қызылорда облысының әкімі.

1999-2002 жж. – ОңтүстікҚазақстан облысының әкімі.

2002-2006 жж. – Қазақстан Республикасы кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің вице-министрі - кедендік бақылау комитетінің төрағасы.

2006-2007 жж. – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің өкілі.

2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2009-2014 жж. – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

2014-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2015 жылдың ақпанынан 2019 жылдың ақпанына дейін – Ақтөбе облысының әкімі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Басқа қызметтері: Қазақстан Республикасы гандбол федерациясының құрметті президенті.

2015 жылдың қарашасынан бастап – «Нұр Отан» партиясының Ақтөбедегі филиалының төрағасы.

2017 жылдың 17 сәуірінен бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

2019 жылдың 20 тамызынан – ҚР премьер-министрінің орынбасары.

2020 жылдың 10 ақпанында Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Сапарбаев Бердібек
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: