Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер түнгі 01:30-ға дейін қатынайды

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық №1 автобус паркі
Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағат үшін 22:00-де кіріспе түрінде уағыз айтылады. Құптан намазы сағат 22:35-те басталса, Тарауих намазы 22:50-де басталады. Ал Хатым Құран дұғасы 00:30-да оқылады. Ары қарай сағат 01:00-ден бастап жамағаттың еркін құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Елордадағы мешіттердің бәрінде Қадір түніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесі осы уақытта өтеді.

Айта кетейік, Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда арнайы жүретін автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады. Автобустардың бағдарлары төмендегідей:

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Спутник» супермаркеті;

- ТЖ вокзалы;

- «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- ТЖ вокзалы;

- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- «Кирпичный» ТА.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Ильинка» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Рахмет» СО.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы