Талдықорғанда оқушы қыз мұғаліммен төбелескен

Сурет: Zakon.kz
8 сынып оқушысы макияжына қатысты мұғалімнің ескертуіне дөрекі жауап қатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
11 сәуірде ағылшын тілі мұғалімі мен 8-сынып оқушысы арасында ыңғайсыз жайт орын алды. Осы оқиғадан кейін мектепте Әдеп жөніндегі кеңес өткізілді, оған ұстазға дөрекілік танытқан оқушының анасы шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласып, бір-біріне ешқандай айып тақпайтындарын айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көп ұзамай денсаулығына байланысты мұғалімнің жұмыстан кеткені айтылады. Қазіргі уақытта ол жергілікті ауруханада емделіп жатыр. Бұл факт, әкімдікте атап өткендей, орын алған жанжалға қатысы жоқ.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты