Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Оразалин тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігі мен Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Еркебұлан Оразалин Медеу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру барысында Оразалиннің басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Алматыда ШОБ субъектілерін қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті.

Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97 пайызы қызметін қалпына келтірген. 20 мамырдағы жағдай бойынша 14 082 240 817 теңгеге 1 568 өтінім мақұлданды.

Осындай қиын-қыстау кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты да білікті маман ретінде танытып, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлік қасиеттерін көрсетті. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығының ақпарат және коммуникация бөлімінің сарапшысы болып бастады.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады