Нұр-Сұлтандағы қант тапшылығы: Сұлтанов тауардың дүкендерде қашан пайда болатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елде қант тапшылығының неліктен болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бұл Ресей Федерациясының экспортқа тыйым салуымен байланысты.

ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі шешімі аясында Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ және шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілді, – деп жауап берді Сұлтанов «Ашық диалог» порталындағы Нұр-Сұлтан тұрғындарының бірінің сауалына.
Сонымен қатар министр қазір Қазақстан аумағы арқылы өтетін теміржолдарда қант тиелген 152 вагон (10 мың тоннадан астам) жүріп жатқанын түсіндірді.

Министрдің айтуынша, 30 мамырда қант Нұр-Сұлтанға келген.

Қантты бір ірі сауда желісі сатып алды. Тауар сауда орындарына таратылып, келесі күні сөрелерде болады.Бақыт Сұлтанов

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі «елді қантпен қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің тұрақты бақылауында» деп мәлімдеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті