ШҚО әкімі Даниал Ахметов референдумда дауыс берді

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов ел Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу жөніндегі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкім Өскемен қаласының № 42 орта мектебінде орналасқан №9 учаскеде қала тұрғындарымен бірге кезекпен бюллетенін алып, толтырды.

Сайлау комиссиясының мүшелері таңертеңнен бастап азаматтық ұстанымын білдіргісі келген халық көптеп ағылып келіп жатқанын атап өтті. Әсіресе, дауыс беретіндер арасында жастар көп.

Конституцияға енгізілетін әрбір өзгеріс, сайып келгенде, біздің өмірімізге қатысты. Сондықтан мен балаларым мен немерелерімнің бақытты, гүлденген Қазақстанда өмір сүретінін сезіне отырып, ынта-шынтаммен дауыс беремін. ШҚО әкімі Даниал Ахметов

Естеріңізге сала кетейік, ұсынылып отырған реформалардың негізгі аспектісі Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің өкілеттіктерін қайта бөліп қарастыруда тежеу мен тепе-теңдіктің өзіндік жүйесін құру болып табылады.

Түзетулер бүкіл Конституцияның үштен бір бөлігін – 33 бапты қамтиды, бұл оның ауқымды сипатқа ие екенін көрсетеді.

Жалпы, жалпыхалықтық дауыс беру - азаматтардың қандай да бір мәселе бойынша өз пікірін білдіруінің дәстүрлі тәсілдерінің бірі. Сонымен қатар, бұл халықаралық тәжірибеге сай келеді.

Өскемен
Қазақстандағы референдум
Ахметов Даниал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматы әкімдігі Абай даңғылындағы төсемтастың ауыстырылуына қатысты тұрғындардың наразылығына жауап берді