Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев болды

Сурет: akorda.kz
Жаңадан құрылған өңір - Абай облысының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, делінген Ақорда жариялаған ҚР Президенті Жарлығының мәтінінде.

Осыған байланысты Семейде ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты.

Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер – Уранхаев Нұрлан Тельманұлы мен Смаилов Асхат Сайдахметұлын қарастыру жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа дауыс берген.

Айта кетсек, Нұрлан Ұранхаев бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Саяси ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі (Саяси талдау)". Саясаттану ғылымдарының докторы.

Еңбек өтілі:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді