2021 жылы ақтөбеліктердің 5,5 мыңнан астам бизнес жобасына мемлекеттік қолдау көрсетілді

Өңір әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысы өнеркәсіптік және инвестициялық тартымдылығы жоғары өңір болып табылатынын, облыс соңғы жылдары айтарлықтай табыстарға қол жеткізгенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өңір әкімі Оңдасын Оразалин атап өткендей, жалпы, жер қойнауының әлеуетін пайдалану арқылы жылдан жылға өнеркәсіп өнімі, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі ұлғаюда, экономиканы әртараптандыру бағыты жүргізілуде.

«Шағын және орта бизнеске тоқталсақ, өткен жылы 5,5 мыңнан астам бизнес жобаларға мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Былтыр «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын іске асыруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл 2020 жылғы қаржыландыру көлемінен 3 есеге артық. Бұл бағыт бойынша облыс өңірлер арасында 1-орында. Бұл жақсы нәтиже беріп тұр. Өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2020 жылмен салыстырғанда 6,8% өсті, өнімдерді шығару көлемі 21,7% ұлғайды», - деді әкім.
Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: