Қылмыстық іс кісі өлтіру фактісі бойынша қозғалды. Қазір баланың өліміне қатысты түрлі нұсқалар әзірленуде, ол бұл араға қалай тап болды, шын мәнінде өлім неден болды деген сұрақтарға жауап іздестіріліп жатыр. Аумақ қоршауға алынды, сырттан келгендер ол араға кіре алмайды. Ит баланы сол араға сүйреп апарып тастады ма, бұл мүмкін бе, жоқ па? Осы секілді көптеген фактор қарастырылып жатыр. Тергеу осымен айналысады. Оңдасын Оразалин
Әкім жануарларды аулаумен айналысатын мемлекеттік қызметшілердің кінәсінің деңгейі қылмыстық іс аясында қаралатынын атап өтті.
Егер өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттің көзін жойдық десек, онда біз бұл мәселені белгілі бір деңгейде тұрақтандыра алғанымыз. Ал бүгіндері "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңның енгізілуіне байланысты, өкінішке қарай, бұл бағыттағы жұмыс тоқтатылды. Тағы да қайталап айтамын, мен кінәмді жоққа шығармаймын. Біз осы фактор бойынша жұмыстың жаңа қағидаттарына икемденіп үлгермедік, яғни ұстап алу, стерильдеу және чиптеу бойынша жұмысты жаңаша қайта құрмадық. Оңдасын Оразалин
Әкімнің айтуынша, аулау қызметкерлері жануарларды атуға көбірек қызығушылық танытады, өйткені оларға әр бас үшін белгілі бір өтемақы қарастырылған.
Өкінішке қарай, бұл - біздің кемшілігіміз, менің қол астымдағылардың жұмысына деген бақылаудың әлсіреуі, сондықтан біз осындай проблемаға тап келіп отырмыз. Оңдасын Оразалин
Айта кетсек, 9 маусымда Ақтөбеде салынып жатқан нысанның аумағынан баланың денесі табылды.