Мегаполис басшысы құрылыс ережесіне өзгерістер енгізіп, тау бөктерінде құрылыс салуға тыйым салуға уәде берді.
Жиын барысында алматылық бір тұрғын алма бағын кесу мәселесін қозғады. Ол тұрғындардың аймақты рекреациялық аймаққа кіргізуін өтінсе де, Каменский үстіртінде алма бақтары кесіліп жатқанын айтты. Қала тұрғыны орман шаруашылығы инспекциясы мен Төтенше жағдайлар министрлігіне еңістердің құрылысқа қауіпті екендігі туралы қорытынды берген.
Әкім мәселенің шешілетінін жеткізді.
Дүйсенбіде (20 маусым) мәслихат сессиясын өткізгелі жатырмыз, құрылыс ережелерін реттейміз. Беткейлерде құрылыс салуға тыйым салынады. Бірақ заңсыз салынған құрылыстардың мәселесін соңына дейін шеше алмаймыз. Әркімнің қолында мүліктік актілері бар. Олардың барлығы Талғар ауданынан келген және заңды күшке ие. Бақтар мәселесіне келсек, бақтар жас емес. Иә, топырақты тыңайтады, бірақ олар ескірді. Бізге жаңалары керек. Түнде бақтан пайдалы дүниелер шығарылады, көп шағым түседі. Мен барлығын осы мәселені талқылауға шақырамын.Ерболат Досаев