Алматы әкімі бәзбіреу өзін самокатпен қағып кете жаздағанын айтты

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев өзін самокат мінген адам қағып кете жаздағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмалы ауданының тұрғыны мегаполис әкімімен кездесуде жылы мезгілдерде қалада жаяу жүру қауіпті екенін айтып, шағымданды. Тұрғынның сөзінше, жаяу жүргіншілерді самокат немесе мопед мінген жүргізушілер қағып кету қаупі жоғары. Шағымға Ерболат Досаев та қосылды.

Жақында қаланы аралап жүрдім. Сонда мені де самокат қағып кете жаздады. Бірден орынбасарыма телефон соқтым. Олар, тіпті әкімді қағып кете жаздаса, онда басқа тұрғындар туралы не дерімді білмеймін.Алматы әкімі Ерболат Досаев

Мегаполис басшысы қазір мопедтер мен самокаттар велосипедтерге теңестірілгенін, бірақ бүгінде Ішкі істер министрлігі самокат пен мопед мінетіндерге нормаларды белгілеу бөлігінде жол қозғалысы ережесін реттеу туралы заң жобасын әзірлеп жатқанын еске салды.

Қалалық деңгейде құқық базасы болмаса, самокат пен мопедтердің қозғалыс ережесін реттеу мүмкін емес.

Құқық бойынша қосымша ұсыныстар бар. Мопедпен жүретіндерде жүргізуші куәлігі болуы керек. Біз сонымен қатар мұндай көлікті жалға алатындардың жасын тексеру үшін самокатты жалға беру операторларымен жұмыс істейміз. Өзіміздің қалалық актілерді қабылдауға мүмкіндік болса, біз реттейміз. Дегенмен Ішкі істер министрлігі заңнамалық базаны дайындап жатқанда әзірше самокатты жалға беретін ірі операторлармен жұмыс істеуге тырысамыз.Ерболат Досаев
Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды