Нұр-Сұлтандағы көшелердің бірі бір ай бойына ішінара жабық болады

Сурет: Zakon.kz
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен М-1 көпіріндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылдың 16 шілдесі мен 15 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айырымына дейінгі М-1 көпірі бойынша жол учаскесінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген басқарманың хабарламасында.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Тұран және Қабанбай батыр даңғылындағы Bus Lane жолағына шығу фиксациясы өшірілді.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі