Нұр-Сұлтанда үш көше ішінара уақытша жабылады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұл арада Жангелдин, Бурабай және Төле би көшелерінің учаскелері туралы сөз болып отыр. Уақытша шектеулер жол жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәліметпен Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы бөлісті.

Осы жылдың 22-23 шілдесі күндері жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жангелдин көшесінің Жеңіс даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Сондай-ақ, жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 21 шілде мен 31 тамыз аралығында Бурабай көшесінде Қобыланды батыр көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі бөлігінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен шектелетін болады.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен «Сығанақ көшесінен Е22 көшесіне дейінгі учаскеде Е 51 көшесінің (Төле би) құрылысы» жобасы аясында жол-құрылыс жұмыстарын бастады.

Сондай-ақ осы жылдың 23 шілдесі мен 5 тамызы аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тұран даңғылы бойындағы Төле би көшесінің Сығанақ көшесінен «Baspana» және «Nova City» тұрғын үй кешендеріне дейінгі учаскесіндегі көлік қозғалыс үшін ішінара жабылатын болады. Аталған учаскеде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті