Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық мобилділік басқармасы Розыбакиев көшесінде уақытша көлік жүрісінің шектелуі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат қала әкімдігі баспасөз қызметінің Telegram-арнасында жарияланды.

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 4 тамыз сағ. 23:00 мен 5 тамыз сағ. 6:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Левитан көшесінен Байқадамов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады. 5 тамыз сағ. 23:00 мен 6 тамыз сағ. 06:00 аралығында аталған көшенің Байқадамов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігі уақытша жабылатын болады. Алматы қалалық мобилділік басқармасы

Ведомство бұл жұмыстар «орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланғанын» мәлімдеді.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз, – делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.

 

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз