Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Ақпаратты облыстық әкімдіктегілер растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бекенов Қайрат Әскербекұлы өз еркімен жұмыстан кетті. Соңғы жұмыс күні 2022 жылғы 3 тамыз болды. Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ол әр жылдары Алматы қаласы бойынша салық инспекторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыздарды тарту бөлімінің меңгерушісі, Президент әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

Қайрат Бекенов сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Ол Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2020 жылғы желтоқсанда тағайындалды.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты