Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты тағы қандай көшелер ішінара жабылады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 тамызда сағат 23:00-ден 7 тамызда сағат 07:00-ге дейінгі аралықта Бөкейханов көшесінің Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сондай-ақ жол жабындысын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7 тамызда сағат 23:00-ден 8 тамызда сағат 06:00-ге дейінгі аралықта Розыбакиев көшесінің Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі. Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", делінген хабарламада. 
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін