Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды

Сурет. Маңғыстау облысы әкімдігі
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жедел кеңесте қала әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығару және қаланы санитарлық тазалау жұмысын нашар ұйымдастырғаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елді мекендердің санитарлық жағдайы алаңдатады. Ақтаудың ластануына жол бермеу керек. Telegram чатына түскен шағымдардың көбі қоқыс жинау және шығару мәселесіне қатысты. Қалдықтарды уақытылы жинамау қаланың көркі мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Бұл – қала әкімінің жұмысын дұрыс ұйымдастырмаудың салдары.Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев

Аймақ басшысы Ақтау қаласының әкіміне, оның орынбасарына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына «жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін» сөгіс жариялады.

Өңірде елді мекендердің санитарлық жағдайы мен тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытылы шығару мәселесі өткір тұр. Маңғыстаудың тарихи, мәдени және табиғи көрікті жерлерін туристер де, тұрғындар да тамақ қалдықтарын тастап, ластап жатыр. Кейінгі кездері облыс орталығындағы тұрғындардан қоқыс жиналып жатқанына байланысты шағымдар көбейіп кетті.

Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауы жақын маңдағы Мұнайлы ауданы мен Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғындарын алаңдатып отыр.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр