Ережеде Алматы қаласындағы стационарлық және жылжымалы экологиялық посттардың толыққанды жұмыс істеуі үшін қажет жұмыстың толық кешені, сонымен қатар автокөлік құралдарының пайдаланылған газындағы реттелетін ластаушы заттардың тізбесі қамтылған. Стационарлық экологиялық бекеттер жыл бойына тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.
Стационарлық және жылжымалы посттарда өлшенетін көліктердің саны күніне кемінде 500 бірлік болады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, пайдаланылған газ өлшенеді
Автокөлік құралдарын тоқтатудың басымдылығы:
Алматы қаласы Полиция департаментінің жедел бағыты;
уәкілетті органның хабарламасы;
жол бақылау камераларымен, оның ішінде Сергек жүйесімен берілген деректер;
автокөлік құралдарын визуалды бақылау (сыртқы түрі) бойынша;
жолдан сынама алу.
Ережеге сәйкес, полиция қызметкері таяқшамен автокөлікті тоқтатады. Көлікті тоқтатқаннан кейін жүргізушіге жақындап, өзін таныстырып, тоқтау себебін түсіндіреді.
Өз кезегінде есепке алу маманы пайдаланылған газдарды өлшейді және алынған мәліметтер негізінде автоматты түрде электронды өлшеу хаттамасын жасайды және оны сақтау үшін деректер базасына береді. Көлік экологиялық стандарттарға сай болса, жүргізуші қозғалысын жалғастырады.
Пайдаланылған газдардың экологиялық нормасынан асып кеткені бастапқы анықталған кезде полиция қызметкері жүргізушіге ескерту немесе 10 АЕК (30 630 теңге) көлемінде айыппұл салады.
Осыдан кейін жүргізуші 10 жұмыс күнінде көлікті экологиялық нормаларға сәйкестендіріп, бақылау өлшеуі үшін экологиялық бекетке келуі керек. Пайдаланылған газдың экологиялық нормасынан бірнеше рет асып кетуі анықталса, жүргізушіге 20 АЕК (61 260 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бұл ретте ақауы бар көлік айыппұл төленгенге дейін қамау алаңына жіберіледі, айыппұл төленгеннен кейін жүргізушіге көлікті қалыпты жағдайға келтіру үшін 10 жұмыс күні беріледі.
Стационарлық экологиялық посттар биіктігі кемінде 4,5 метр және ұзындығы 2,5 метр шатырмен, жұмыс бөлмесімен, компьютерлер, бейнебақылау жүйелері жиһаздар, тұрмыстық бөлме, ванна, жұмыс бөлмесі, сыртқы және ішкі жарықтандырумен, кондиционерлермен, жылыту жүйелерімен жабдықталуы керек.
Ереже сонымен қатар автокөліктің пайдаланған газын өлшеу әдістемесін және техникалық талаптарды анықтайды. Құжат 23 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.