Семейде ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қолдауымен 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп белгіленген.

Бұл бастама 1991 жылғы 29 тамыздағы әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонының жабылуымен тікелей байланысты.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Бұл КСРО кезіндегі ең үлкен полигондардың бірі болды. 1949 жылдан бастап кемінде 468 сынақ жүргізілді.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Бүгін Семей қаласында Бейбітшілік аралында «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Осылайша, семейліктер дәстүрлі түрде Семей ядролық полигонындағы сынақтардың салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандарды еске алды.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев атап өткендей, бейбіт атом кез келген мемлекет дамуының негізгі векторына айналуы тиіс және Қазақстан 30 жыл бұрын бүкіл әлемдік қоғамдастыққа гуманизм мен ядролық қарусызданудың жарқын үлгісін көрсетті.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Іс-шара соңында «Өлімнен де күшті» монументіне құрмет қарауылының қатысуымен гүл шоқтары қойылып, ядролық полигон құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды