Нұр-Сұлтанда 2 қыркүйектен бастап бірқатар жол учаскесі жабылады

Сурет: Zakon.kz
Елордада жол жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты 2 қыркүйектен бастап бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Арқар" М-1 көпірі және Момышұлы мен Қошқарбаев көшелерінің қиылысы 2 қыркүйек 20:00-ден 5 қыркүйек 06:00-ге дейін толықтай жабылады, делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында.

Алдында қыркүйек айының соңында Нұр-Сұлтандағы Сарайшық даңғылы бойындағы көпір ақау табылуына байланысты жөндеу жүргізілетіндігі хабарланған.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Бөгенбай батыр даңғылындағы жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны да белгілі болды.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Мұхтар Әуезов көшесінен Шоқан Уәлиханов көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара шектеледі.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз", делінген көлік басқармасының хабарламасында.
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды