Екі облыста мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары тағайындалды

Сурет: Қаржы министрлігі
Ақмола және Ұлытау облыстарында премьер-министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрінің өкімімен мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР премьер-министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Ғалымжан Қалдыкөзұлы Орынов Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

Ғалымжан  Орынов 1975 жылы Түркістаноблысында дүниеге келген. 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып Дулат Нұрахметұлы Нұрмолдин тағайындалды, - делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.

2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Дулат Нұрмолдинді таныстырды.

Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мәскеу ауданының Заградовка ауылында дүниеге келген.

Білімі бойынша – инженер-гидротехник, экономист, заңгер, қаржыгер. Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Мәскеу қаласының Қазіргі заманғы гуманитарлық институтын және Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін аяқтаған.

А. Бейсенбекұлы жаңа басшы алдында бірқатар нақты міндеттерді, соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі кешенді жұмысты іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту бойынша шаралар қабылдау міндеттерін белгілеп берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды